«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

Сапардың алғашқы күні Рудный қаласының №№12, 13, 15 балабақшаларында болып, сөйлеу және көру қабілеті бұзылған арнайы топтардағы белсенді қызмет орталықтары, ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің пилоттық жобасын іске асыру бойынша жұмыстармен танысты. Сонымен қатар «Балабақшада бизнеске», «Мектеп жасына дейінгі балаларды кәсіптік бағдарлау» эксперименттік алаңдары, «МҰ геймификация», «Медиасауаттылық» инновациялық алаңдарында болды.
Екінші күні «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Қостанай қаласының №№3, 17 және «Amanat & K» ЖШС білім беру кешенінің жұмысымен танысып, «Шебер әңгімешілер» инновациялық жобасы, инженерия кабинеттері, «Оқырман ел – оқырман ұлт» орталығы, ЕБҚ (ПДК) бар балалармен ойын қызметі, ЕБҚ (Даун синдромы) бар балалармен ұйымдастырушылық қызметімен танысып, мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдарлау жөніндегі «Мамандыққа алғашқы қадамдар» жобасының тұсаукесеріне қатысты.

Қалалық балалар шығармашылығы мектебінде облыстық білім басқармасының және жергілікті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева жиналғандарды «Желілік балабақша моделі» презентациясымен таныстырып, балабақшаның жетістіктері мен оқытудың инновациялық әдістеріне тоқталды. Ресурстық білім беру орталығының әдіскері Татьяна Забажанова «Қозғалыс арқылы оқыту» жиналған педагогтерге шеберлік сыныбын өткізді. «Қарлығаш» балабақшасының №2 объектісінің меңгерушісі Раушан Қожахметова «МДҰ-да білім беру сапасын бағалау үшін Есегѕ-3 шкаласын қолдану» тақырыбындағы семинар-тренингте әдістемені қолданудағы балабақшаның тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында Қостанай облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сюндикова өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына тоқталып, кездесудің ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу контекстіндегі маңызын атап өтті.

Сапар аясында ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігі аталып өтті.
Осыған дейін балабақша өкілдері өңірлердегі «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» шеңберінде делегация құрамында Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында болып қайтты. Кездесудің басты мақсаты – өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарды «Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын инновациялық методикалармен таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.