16:17, 25 Ақпан 2025 | GMT +5
Кәрім Мәсімовтің аукционға шығарылған сарайын ешкім сатып алмады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған сарай аукционға шығарылғанымен, сатып алушы табылмады.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының иелігіндегі қымбат баспана бүгін күндізгі сағат 10:00–де аукцион арқылы сатылу керек болған. Электронды сауда алаңындағы лот сипаттамасында «аукцион өткен жоқ» деп жазылған.
— Нысан бойынша аукцион басталған уақытқа тіркелген қатысушы жоқ, деп жазылған лоттың сипаттамасында.
Еске салсақ, Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 2022 жылға қаңтар трагедиясына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімовке тиесілі делінетін үйді саудаға қойған болатын.