17:20, 24 Маусым 2010 | GMT +5
Қармақшы аудандық білім бөлімі оқу-тәрбие үрдісін инновациялауға тәуекел етті
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қармақшы аудандық білім бөлімі ауданда білім саласын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін инновациялау бағытында «Үздік мұғалім» және «Үздік мектеп» аталымдары бойынша конкурс жариялады.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған мектеп ұжымына 1 миллион теңге беріледі. Сол сияқты өзара білім жарыстырған математика мен физика пәндерінің оқытушылары да жүлдесіз қалмайды. Жүзден жүйрік шыққандардың есімдері аудан ұстаздарының дәстүрлі тамыз мәслихатында айғақ болады.