14:42, 18 Маусым 2010 | GMT +5
Қармақшы ауданында «Бірлігіміз жарасқан!» атты акцияның аясында қайырымдылық шаралары жасалды
ЫЗЫЛОРДА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қармақшыда «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бала - баршаның тәрбиесі» деген тақырыппен кезекті акция өткізілді.

Акцияның мақсаты аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық бағыттағы көмек көрсету болды. Мұнда демеушілер 200 баланы қамтыған сый-сияпаттар жоралғысын жасады.