Қармақшы ауданында прокуратураның араласуымен қызметкерлердің жалақыдан 24 млн. теңгелік қарыздары төленді

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық  прокуратурасы аудандағы бірқатар мекемелердің жалақыдан қарыздары төленуіне ықпал жасады,
None
None

деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура қызметкерлері аудандық орталық ауруханада жүргізілген тексеру барысында 28 дәрігерге, 128 медбикеге және 170  өзге де қызметкерлерге 2011 жылдың қыркүйек айында 4 млн. 800 мың теңге және 2011 жылдың қараша айында  22 млн. теңге жалақы қарыз болғандығын анықтады. Сондай-ақ, «ППС ОЙЛ Трейд» ЖШС 2011 жылдың қараша айында 117 жұмысшыға 6 млн. 898 мың теңге жалақыдан қарыз болған. Тексеру барысында аудандық прокуратура 2011 жылғы 20 желтоқсанда аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне және «ППС ОЙЛ Трейд» ЖШС директорының атына ұйғарымдар енгізді. Ұйғарымның қаралуы қорытындысы негізінде, аудандық орталық аурухана бойынша 2011 жылдың қараша айына аурухана қызметкерлерінің 24 млн. 800 мың  тенге жалақысы төленуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 2011 жылғы  28 желтоқсанда «ППС ОЙЛ Трейд» ЖШС-ның 117 жұмысшысына 2011 жылдың қараша айындағы 6 млн. 898 мың теңге жалақысы толығымен төленіп, олардың конституциялық құқықтары  қорғалды.

Соңғы жаңалықтар