Қармақшы ауданындағы диқандар егін жинауда абырой биігінен көрінді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 20-cы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты lll Интернационал ауылындағы диқандар егін жинауда белсенділік танытты.
None
None

Бақ қонған киелі мекенде биыл егін бітік шығып, қазір егін орағы қызып жатыр. Егістік басындағы егіншілер халықтың ырзық несібесін жинап алуда аянбай тер төгуде. Осы ауылдағы Мирдас Мұрадов басқаратын «III Интернационал Жер» ЖШС-нің №3 бригадасының диқандары Асылбек Жақанов 33 гектардың әр гектарынан 64,3 центнерден өнім алды. Сондай-ақ Хамид Османов 32 гектар күріштіктің әр гектарынан 61 центнерден, Милияр Арифов басшылық жасайтын «Достық Жер МК» ЖШС-нің диқандары Микаил Музараков пен Болат Шуақов өздеріне бекітіліп берген 37 гектардың әр гектарынан 60 центнерден егін жинады. Ал «Тұрмағанбет» ЖШС-нің №5 бригадасының диқандары Ақылбек Құлбарақов пен Нұрмұрат Ибраевтар 25 гектар күріштіктің әр гектарынан 56,6 центнер өнім алды.

Соңғы жаңалықтар