Қармақшы ауданындағы мектептің жылу жүйесі жаңартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қармақшы ауданының Ақай ауылындағы 320 орындық орта мектептің жылу жүйесі қайта жаңартылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген 3 қабатты ғимараттың жылу қазандығы енді сұйық отын тұтынатын жүйеге көшті. Қазына қоржынынан бөлінген 3,5 млн. теңге қаржыны «Байғасыр инженеринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қысқа мерзімде толық игерді. Мамандар көмірмен жылытуға негізделген жүйені бұзбастан қосымша шағын электр стансасын да орнатып берді.

Соңғы жаңалықтар