Қармақшылық оқушы Италиядағы ән фестивалінен Гран-при алып оралды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Айжан Қыдырбек Италияның Римини қаласында болып өткен «Римини фест» фестивалінен Гран-при жеңіп алып, оралды.
None
None

Бұл ән фестиваліне 9-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Осында екі әнді қазақ, орыс және итальян тілдерінде орындаған Айжанға тең келер ешкім болмады. Ол 2008 жылы республикада өткен «Ақ көгершін» фестивалінде екінші орын алса, 2010 жылы «Балауса» фестивалінде бас бәйгені иемденген. Жас әнші қыздың әкесі Қыдырбек Қалдашбаев жеке шаруа қожалығында жүргізуші болса, анасы Хадиша Елеунұрова орта мектепте мұғалім болып қызмет етеді. Ол Сыр сүлейлерінің бірі Тұрмағамбеттің қарындасы Мағужаннан тараған ұрпақтардың бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар