12:45, 12 Шілде 2010 | GMT +5
ҚарМТУ «Минералды шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік профиль зертханасы аттестациялаудан ойдағыдай өтті
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «минералды шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік профиль зертханасы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық қадағалау және метрогология комитеті жүргізген аттестациялаудан ойдағыдай өтті. Бұл туралы зертхана жетекшісі, техникалық ғылымдардың кандидаты Дәулет Таханов хабарлады.

Ол инженерлік профиль зертханасы Орталық Қазақстанда аттестациядан алғашқы болып өткенін атап өтті. Аттестацияның мерзімі - үш жыл.
Аталмыш зертхананы жабдықтау үшін білім ордасы 200 млн теңге көлеміндегі грант бөлген, деп толықтырды оның жетекшісі. Оның сөзіне қарағанда, әлемдік өндірушілердің құрылғылары мен құралдары сатып алынған.