18:17, 03 Қазан 2012 | GMT +5
ҚарМТУ-нің студенттері ұстаздарын флешмоб арқылы құттықтады
ҚАРАҒАНДЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері алда келе жатқан Мұғалімдер күні қарсаңында флешмоб өткізді.

ЖОО-ның алдындағы алаңда «Жас Орда» студенттік ұйымының мүшелері өздерінің денелерімен «құрметтейміз» сөзін құрастырды.
«Біз құрметті ұстаздарымызды алда келе жатқан Мұғалімдер күнімен осылай құттықтауды шештік», - деді акцияның ұйымдастырушысы Шоқан Мұхтаров.
Бастамашылардың мәліметінше, «тірі» құттықтауға 200-ге жуық студент жұмылдырылды.