Қарттар үйі қайта жаңғыртылды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне барып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
None
None

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ғимарат 1990 жылы салынып, қолданысқа берілген. Бірақ, содан бері күрделі жөндеуден өтпеген болатын.

- Қарттар үйіне жүргізілген құрылыс мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта интернат үйінің маңын көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, сіздер әңгіме-дүкен құрып, арқа-жарқа болып отыру үшін ыңғайлы орындықтар, субұрқақ орнатылатын болады. Елдігіміз еңселі, заманымыз тыныш, халқымыз берекелі болсын, деді Қ.Көшербаев.

Аймақ басшысы мерекеге орай интернат үйіне теледидар сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар