Қару иеленген қазақстандықтардың үйлеріне дабыл жабдықтарын орнату міндеттеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ азаматтық қару иелеріне үндеуінде қару сақталатын бөлмелерде күзет жүйесін пайдалану және олардың болуы жөніндегі міндетті талап енгізілді, деп хабарлады «Zakon.kz» ақпараттық агенттігі.
None
None

Ішкі істер министрлігі «Қарулардың кейбір түрлері айналымына мемлекеттік бақылау туралы» ҚР Заңының 16-бабының 2 тармағына сәйкес қару иелері қарулардың және олардың патрондарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті екенін еске салады.

ІІМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген қарулар мен олардың патрондары айналымы ережелеріне түзету енгізуге бастамашы болды, онда азаматтық және қызметтік қарулар иелеріне қарулардың және олардың патрондарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қосымша талаптар көзделген.

Пәтерлер ұрлықтары мен қылмыскерлерді ұстауға жәрдемдесетін қару сақтайтын бөлмелерге күзет жүйесінің болуы және оны пайдалану жөнінде міндетті талаптар енгізілді.

«Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының аумағында пәтер ұрлықтары жиіледі, соның салдарынан тіркелген азаматтық қарулар ұрлануда, осы ұрланған қарулардың заңсыз айналымға түсіп, оларды қылмыс жасауға пайдалану мүмкіндігіне байланысты Ішкі істер министрлігі алаңдаушылық білдіреді», - делінген ҚР ІІМ-нің үндеуінде.

Соңғы жаңалықтар