09:40, 28 Қараша 2011 | GMT +5
«Қару» операциясының барысында павлодарлық полиция қызметкерлері тұрғындардан заңсыз сақталған 53 қаруды тәркіледі
ВЛОДАР. 28 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында «Қару» жедел-алдын алу шарасы аяқталды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз орталығы.

Оны жүргізу барысында айналымнан заңсыз сақталған 53 қару шығарылды, соның ішінде 12 шолақ мылтық, 7 газ және травматикалық қару, тапанша және ұсақ калирлі мылтықтар бар.
Бір жер үй моншасы шатырының астында 22 жасар павлодарлықтан тіркелмеген аңшылық қару, ал 25 жасар қала тұрғынынан Калашников автоматының оқтары табылды.
Тоғыз мыңнан астам қару иелері, олардың қаруды сақтау ережелерін сақтауы тексерілген. Қаруды ұстау және тасымалдау тәртібін бұзғандары үшін 320 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Иір ойықты мылтықтың 82 оғы тәркіленді.
Облыс тұрғындары өз еріктерімен оқ-дәрімен атылатын 25 қаруды тапсырды.