Қаруды ұстау, сақтау тәртібін бұзғаны үшін жазаланды - Қызылорда
Ол №Я01037 санымен тіркеуде тұрған ИЖ маркалы 12 калибрлі мылтығы. Яғни, бұл Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 368 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық. Оған Жалағаш аудандық сотымен ҚР ӘҚБК - нің 368 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот қаулысымен мылтық иесі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 368 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, қаруы тәркіленіп, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сот шығыны және сот-сараптамасын жүргізуге жұмсалған шығын 7772 теңге айыпталушыдан мемлекет пайдасына өндіруге қаулы қабылданды. Осы баппен қаруды иемденген азамтқа қаруды заңсыз алып жүргені үшін әкімшілік жаза қолданылды.