Қарулары мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өткізген 156 азамат 10 млн. 201 мың теңге көлемінде сыйақы алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылордада қарулары мен жарлығыш заттарын ерікті түрде өткізген 156 азамат аталмыш акцияға бөлінген 10 млн. 201 мың теңге көлеміндегі сыйақы алды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруларымен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметінің "Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы" қаулысы шықты. Осы қаулыны басшылыққа алған облыстық ішкі істер органдарына тұрғындардан ерікті түрде қаруларын өткізу жайлы 806 өтініш келіп түсті. Сөйтіп, ерікті түрде өз қарулары мен жарылғыш заттарын мемлекетке өткізген 156 азаматқа арнайы комиссияның шешімімен жоғарыдағы мөлшерде сыйақы берілді.Биылғы жылы да бұл шара жалғасын тауып, республикалық бюджеттен ерікті түрде қару тапсырған азаматтарға өтемақы беру мақсатында 28 млн. 238 мың теңге қарастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар