Қаржы министрлігі 1500 АЕК-ке дейінгі борышты кепілсіз бөліп төлеуді енгізуді жоспарлап отыр

АСТАНА.KAZINFORM – Қаржы министрлігі 1500 АЕК-ке дейінгі салықтық берешегі бар азаматтарға кепілсіз бөліп төлеу ұсынуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты министрлік «Ашық НҚА» порталында тиісті бұйрық жобасын жариялады. 

Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұйрық жобасы мемлекеттік кірістер органына 1500 АЕК-ке дейінгі салықтық берешегі бар және уақытша қаржылық қиындыққа тап болған салық төлеушілерге кепілсіз бөліп төлеу тәртібі мен шарттарын айқындауға мүмкіндік береді.

– Жобаның мақсаты – 1500 АЕК-ке дейінгі салықтық берешегі бар және уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған салық төлеушілерге кепілсіз бөліп төлеуді ұсыну. Бұған сәйкес, борышкерге кепіл мүлкін бағалау немесе оны міндетті сақтандыру талап етілмейді, сондай-ақ бөліп төлеу мерзімдері қысқарады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49, 113, 133-баптары және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заң талаптарын іске асыруға бағытталған.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жыл соңына дейін Салық кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін деген еді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум