Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құзыреті кеңейтілді

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 10 маусымдағы Президент Жарлығымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізілді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құзыреті кеңейтілді
Фото: Pixabay.com

Енгізілген толықтыруларға сәйкес агенттікке үш жаңа функция берілді:

- Ұлттық банкпен бірлесіп бірыңғай қазынашылық шоттағы уақытша бос бюджеттік ақшаны орналастыру тәртібін келісу;

- Ұлттық банкпен бірлесіп квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджеттік қаражатын ұлттық пошта операторының немесе екінші деңгейдегі банктердің депозитінде және өзге де қаржы құралдарында орналастыру мерзімі мен көлемін мемлекеттік қазынашылықпен келісу тәртібін келісу;

- Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджет жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және Ұлттық банкпен бірлесіп бюджет тәуекелі туралы талдамалық есепті қалыптастыру және оны қалыптастыру тәртібін айқындау.

Жарлық 2025 жылғы 22 тамызда қолданысқа енгізіледі. 

Жыл басында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарына талапты күшейтетіні туралы хабарлаған едік.  

Соңғы жаңалықтар