Қаржылық мониторинг агенттігі Руслан Сатывалдеевке қатысты істі тергеуді аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Сот сараптамалары орталығының басшысы Руслан Сатывалдеевке қатысты істі тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі OLX пен Instagram арқылы заңсыз микронесиелер беру ісін тергеп жатыр
Фото: ҚМА

Оның айтуынша, қазір іс материалдарымен танысу рәсімі жүріп жатыр.

- Іс бойынша тергеу аяқталды. Қазір таныстыру процесі жүріп жатыр. Оны аяқтағаннан кейін сотқа жолдаймыз, - деді Ж. Елемесов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, Руслан Сатывалдеевтің ұсталғандығы туралы ақпан айында мәлім болды. Бұл ретте ол бюджет қаражатын жымқыру күдігіне іліккен еді.

Осыған дейін Мәжіліс Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілетін кеңейтетін заң жобасын мақұлдағаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар