Қаржы дағдарысы мемлекет үшін үлкен сабақ болды - Қайрат Келімбетов

rong> Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаржы дағдарысы мемлекетке үлкен сабақ болды. Бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісінде осылай  айтылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаржы институттарының сырттан көп қаржы тартуы дағдарыс кезінде өз әсерін тигізді. Олар оны негізінен қаржылық делдалдық пен мүлікке салды. Нашар жобалар аз болған жоқ. Банк жүйесі әлі күрделі жағдайда тұр. Олардың  40 миллиард доллардай берешегі бар.  Оны қайтаруда қатаң талаптар қойылуда. Бұл, әсіресе, БТА банк пен Альянс банкте айқын аңғарылып отыр. Банктер қарызын арнайы кесте бойынша қайтару үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Дегенмен бұл мемлекет үшін үлкен сабақ болды», дейді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов. Оның айтуынша, дағдарыс жағдайында экономиканың дамуын шикізаттық емес бағыттан бастау керек екеніне қазір бәрінің көзі жетті.

 Қазақстаның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы Үкіметтің  күн тәртібіндегі бірінші мәселеге айналып отыр. Енді негізгі екі шартты жүзеге асыру қажет. Оның біріншісі - бизнестің рөлін белсенділендіру, екіншісі - жобалардың қызықты, қайтарымды және перспективалы болуы. Мемлекет тарапынан қаржыландыруды  қалағандар оған жұмсалатын қаржыны кәсіпкерлер өз қалтасынан шығарғандай тәуекел жасауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар