Қаржы министрі «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кірмейтін компаниялар үшін сыртқы қарыз алуға тыйым салуды ұсынады

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат -«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «ҚазАгро» және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ құрамына кірмейтін компаниялар үшін сыртқы қарыздар алуға тыйым салынуы керек.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік, мемлекеттік кепілдік берілген және квазимемлекеттік борышты басқару» атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді.

«Жалпы алғанда мемлекеттің ең шекті борышы жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан аспауы шарт. Бұл бірегей экономикалық саясат шеңберінде айқындалған индикатор. Халықаралық тәжірибеде бұндай нормалар көптеген келісімде бекітілген. Бұл норма сақталуы керек, дегенмен, көптеген еуропа елдері өз жағдайларына орай борыштары бұндай шектен асып отыр. Сондықтан да, бұндай шектеулер мемлекеттік қарызға да, квазимемлекеттік секторда да, кәсіпорындар да  қатаң сақталуы керек», - деді Болат Жәмішев. Қаржы министрінің айтуынша, сыртқы борышқа бақылауды сақтау үшін квазимемлекет сектор да осындай лимитті сақтауы шарт.

«Көптеген ұлттық компанияларға, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «ҚазАгро» және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ құрамына кірмейтін көптеген компаниялар үшін сыртқы қарыздар алуға тыйым салынуы керек.  Біз сақталуы шарт деп санайтын екінші мәселе, ішкі қарыздар алатын компанияларда тәуекелдерді басқарудың тиісті жүйелері құрылуы тиіс», - дейді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар