Қаржы министрлігі: Салық есептерін тапсырудың кеңейтілген жүйесі әзірленді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық есептерін сараптаудың жаңа ақпараттық жүйесі таныстырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Комитеттің ақпараттық технологиялар басқармасының жетекшісі Алена Герун атап көрсеткендей, жаңа жүйенің негізгі артықшылығы ? ол азаматтардың салық есептерін беру формаларын таңдауға мүмкіндік береді. «Бұл жүйеде бұған дейінгі салық бойынша есеп берудің қалыпты жүйесімен бірге қосымша үш форма қарастырылған», - дейді А.Герун. Оның сөзіне қарағанда, аталған ақпараттық жүйе бір арнаға қосылатындықтан, осы бағыттағы жұмыс шығындарын азайтуға мүмкіндік туып отыр. Бүгінгі күнге дейін жұртшылық тарапынан жаңа жүйе арқылы 400 мыңнан астам салық есептері келіп түсті.
Соңғы жаңалықтар
telegram