Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 1,3 пайызға ұлғайды

Онда 12 айлық МЕККАМ (19,9 млрд. теңге), 2 жылдық МЕОКАМ (10,1 млрд. теңге), 16 және 20 жылдық МЕУКАМ (10 млрд. теңге және 15 млрд. теңге), 13 жылдық МЕУЖКАМ (20 млрд. теңге) орналастырылды. Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 12-айлық МЕККАМ-да 1,9 пайыз, 2 жылдық МЕОКАМ-да 2,01 пайыз. МЕУКАМ бойынша 16 жылдықта 5, 20 жылдықта 5,50 пайыз, ал 14 жылдық МЕУЖКАМ-да инфляция деңгейінен 0,01 пайыз жоғары болды.
Айналыстағы бағалы қағаздардың көлемі наурызбен салыстырғанда 1,3 пайзыға ұлғайып, сәуірдің аяғында 2237,2 млрд. теңге болды. Ал Ұлттық банктің ноттары эмиссиясының көлемі 43,1 пайызға азайып, 102,2 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (57,3 млрд. теңге және 18,7 млрд. теңге) өтті. Сондай-ақ 6 айлық (13,5 млрд. теңге) және 9 айлық ноттарды орналастыру бойынша (12,6 млрд. теңге) екі аукцион өтті. Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілігі 3 айлықта - 1,02 және 1,05 пайыз, 6 айлықта - 1,53 пайыз, 9 айлықта - 1,80% болды. Айналыстағы ноттар көлемі наурызбен салыстырғанда сәуірдің аяғында 11,70 пайызға ұлғайып, 598,5 млрд. теңгені құрады.