Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2,2 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазанда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион болды.
None
None

Бұл ҚР Ұлттық банк төрағасының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Аукциондарда 1,6 миллиард теңгенің 12 айлық МЕККАМ-ы, 21,7 миллиард теңгенің 2 жылдық МЕОКАМ-ы, 14,7 миллиард теңгенің 14 жылдық және 15,3 миллиард теңгенің 16 жылдық МЕУКАМ-дары мен 16 миллиард теңгенің 7 жылдық МЕУЖКАМ-ы орналастырылды. Тиімділік кірістілік МЕККАМ-да 1,60 пайыз, МЕОКАМ-да 2,01 пайыз, МЕУКАМ-да 5,15 және 5,30 пайыздан, ал МЕУЖКАМ-да инфляция деңгейінен 0,01 пайызға жоғары болды. Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі қазанда қыркүйекпен салыстырғанда 2,2 пайызға ұлғайып, 1958,6 миллиард теңгені құрады. Григорий Марченконың айтуынша, Ұлттық банктің ноттары эмиссиясының көлемі қыркүйекпен салыстырғанда 10,3 есе азайып, 23,8 миллиард теңге болды. Бұл ретте 3 айлық (12,9 миллиард теңге) және 9 айлық (10,9 миллиард теңге) ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион өтті. Тиімді кірістілік 3 айлықта - 1,01 пайыз, 9 айлықта - 1,75 пайызды құрады. Ал айналыстағы ноттардың көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 12,7 пайызға төмендеп, қазанның аяғында 648,3 миллиард теңге болды.

Соңғы жаңалықтар