Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2,9 пайызға ұлғайды

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі  маусым айында 2,9 пайызға ұлғайды.
None
None

 Бұл жайлы бүгін Ұлттық банк төрағасының Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маусым айында Қаржы министрлігінің мемлекетік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион өтті. Онда  3 жылдық МЕОКАМ (13,5 миллиард теңге) мен  7 жылдық (9,3 миллиард теңге), 10 жылдық (15 миллиард теңге), 15 жылдық (10,3 миллиард теңге) МЕУКАМ және 18 жылдық МЕУЖКАМ (12 миллиард теңге) орналастырылды. Тиімді кірістілік инфляция деңгейінен  3 жылдық МЕОКАМ бойынша - 7,43 пайыз, МЕУКАМ бойынша  7 жылдықта - 7,9 пайыз, 10 жылдықта - 7,8 пайыз, 15 жылдықта - 7,65 пайыз, ал 18 жылдық МЕУЖКАМ бойынша 0,01 пайыз болды. Бұл аукциондардан кейін Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздары мамырмен салыстырғанда 2,9 пайызға ұлғайып, 959,3 миллиард теңгені құрады. Григорий Марченконың айтуынша, Ұлттық банктің ноталар эмиссиясының көлемі маусым айында өзгеріссіз қалып, 100 миллиард теңге болды. Қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі мамырдағы 5,30 пайыздан маусымда 4,27 пайызға төмендеді. Ал айналыстағы ноталардың көлемі  өзгеріссіз қалып, 145 миллиард теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар