Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру нәтижесінде 43 млрд. теңге бюджетке қайтарылды - Б.Жәмішев

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру нәтижесінде 43 млрд. теңге бюджетке қайтарылды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР аталған ведомствоның басшысы Болат Жәмішев мәлім етті.

10 айда жүргізілген бақылау-тексеру жұмыстарының нәтижелеріне тоқталған министр: «Есепті кезеңде 6517 бақылау іс-шаралары жүргізілді. Олардың барысында бақылауға 5080 нысан алынды. Бақылау шараларының қорытындылары бойынша бюджетке қалпына келтіруге және орнын толтыруға жататын 49 млрд. теңгенің 43 млрд. теңгесі немесе 88,7 пайызы қайтарылды», - деді.

Оның атап өтуінше, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артық. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 10 айындағы бақылау нәтижелері бойынша сотқа талап қою жұмыстары жандандырылған. Нәтижесінде 343 талап-арыз сотқа жіберілген. Бұл өткен жылғы талаптар санынан 165-ке артық.

«Сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сот тарапынан қанағаттандырған арыздар санының өсіміне қол жеткізілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сотта қанағаттандырылған талап-арыздар саны 214-і құрап, 3 есеге өсті», - деді Б.Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар