Қаржы министрлігінің ұйытқы болуымен электрондық мемлекеттік сатып алулар жүйесінің қызметкерлері оқытылатын болады

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігінің ұйытқы болуымен электрондық мемлекеттік сатып алулар жүйесінің қызметкерлері оқытылатын болады.
None
None

Электрондық мемлекеттік сатып алулар жүйесі 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік сатып алулар веб-порталының қызметін пайдаланушылардың саны 2009 жылы 33 мың болса, 2010 жылы 75 мыңға жеткен.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру бюджет қаржысын үнемдеудің және мемлекеттік сатып алуларды негізсіз кідірту себептеріне жол бермеудің ең тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығы да бизнес пен өкіметтің арасындағы әділ және шынайы қарым-қатынастың басты шарты. 2009 жылы электрондық мемлекеттік сатып алулардың жалпы сомасы 18 миллиард теңгені құрап, жоспарланған 24 миллиард теңге соманың 6 миллиард теңгесі үнемделсе, былтыр мемлекеттік сатып алулардың сомасы 112 миллиард теңгеге жетіп, 32 миллиард теңге сома немесе жоспарланған 144 миллиард теңге соманың 23 пайызы үнемделген. Бюджет қаржысының үнемделуімен қоса, бұл жүйе сыбайлас жемқорлықпен күресудің қуатты құралы болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда 14 мыңнан астам мемлекеттік мекеме бар. Олардың барлығы тапсырыс беруші болып табылады, 2012 жылдың екінші жартысына қарай осылардың бәрі сатып алудың электрондық жүйесін пайдалана білулері керек. Соған байланысты Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулардағы электрондық қызметтердің операторы болып табылатын Электрондық коммерция орталығына (ЦЭК) электрондық сатып алулар жүйесінің барлық қызметкерлерін жер-жерлерде оқыту үшін бірінші кезекте бизнес-жаттықтырушыларды оқыта бастауды міндеттеп отыр.

Соңғы жаңалықтар