Қаржы полицейлері бөбектерді қуантты - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін «Наурыз» мейрамы қарсаңында Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті басшылығы Қызылорда қаласындағы сәбилер үйінде болып, бөбектерге сый жасады, деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметінен.
None
None

Департамент басшылығы Сәбилер үйінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында теледидар, шаңсорғыш, шағын толқынды пеш сыйлады.

Бұдан басқа, әрбір бүлдіршінге сый жасалып бөбектер түрлі ойыншықтар алды.

Мейірімділік үйінің тәрбиешілері бүлдіршіндермен бірге өздерінің мейрамдық бағдарламасын дайындап, өлеңдер оқып, ән шырқады.

Сонымен қатар, осы күні қаржы полицейлері Талсуат қыстағында орналасқан 300 орындық Мүгедектерге арналған оңалту орталығында болып қайтты.

Департамент бастығы Мақсат Қожабаев Оңалту орталығының емделушілеріне мықты денсаулық, сергектік рухын, амандық және ұзақ өмір тілеп, келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға жаңа екі мүгедектер арбасы және екі балдақ тапсырды.

«Елбасы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгілегендей, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз», - деп атап өтті Мақсат Қожабаев.

Бұл іс-шара Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментімен Қаржы полициясы органдарының құрылуының 20 жылдығына арналған акция «20 ізгі іс» аясында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар