Қаржы полициясы Қарағанды облысының мемлекеттік мекемесінде жүйелі пара алудың фактілерін анықтады

Осы күні оған қатысты бопсалау арқылы пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық істі тергеу барысында Тоқмұрзиннің пара алуының тағы 3 фактісі, оның ішінде өзінің басшысымен бірлесіп пара алғандығы анықталды.
31 қазанда Тоқмұрзинге қатысты 2013 жылғы қыркүйекте К. деген азаматтан екі кәсіпорынға құрылыс қызметін жүргізу лицензиясын беру үшін 2500 АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылғы 6 қарашада Тоқмұрзин мен Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің лицензиялау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Болатбековаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Олар ЖШС өкілінен осы кәсіпорынның құжаттарын ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетіне жіберуді тездету үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Тоқмұрзинге қатысты 9-шы қарашада тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Оған 24-ші қазанда кәсіпкерден ЖШС жоспарлы тексерісін кедергісіз өткізу "еңбегі" үшін 100 мың теңге пара алды деген айып тағылуда.
Қазіргі уақытта Тоқмұрзин қамауда, Болатбекова үй қамауында. Қылмыстық істер тергелуде. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.