Қаржы полициясы Қазақстандағы жемқорлық жайлаған мемлекеттік органдарды атады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұйымдастыруымен

«Жемқорлыққа қарсы күрес механизмдері» конференциясы өтті. Шара барысында Алматыда ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин жемқорлық жайлаған орындарды атап өтті.

Оның айтуынша, жемқорлық індеті барлық мемлекеттік органдарды жайлаған.

«Салық органдарында, кеден органдарында, жер мәселелері мен мемлекеттік сатып алу жүйесінде жемқорлық деректері жиі кездеседі», - деді ол.

Сондай-ақ, конференция барысында қаржы полициясы өкілі Андрей Лукин Қазақстан заңнамаларын БҰҰ конвенцияларында көрсетілген нормаларға сәйкестендіруге барынша күш салынып жатқанын атап өтті.

«Осы бағытта ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бүгінгі конференцияда жемқорлыққа қарсы күрес механизмдері жан-жақты талқыланады деген үміттемін» - деді А.Лукин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған конференция халықаралық «Трансперенси Интернэшнл» ұйымының жемқорлықты қабылдау индексін есептеу әдісін үйренуге, Қазақстанның аталған рейтингтегі өз позициясын көтеру үшін жасалып жатқан шараларды пысықтауға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар