14:20, 03 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қаржы полициясының органдары Эдгар Салдузиға қатысты қандай да бір істі тексеріп жатқан жоқ
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Гүлнара Жандағұлова/ - Қаржы полициясының органдары Эдгар Салдузиға қатысты қандай да бір істі тексеріп жатқан жоқ, - деп хабарлады брифинг барысында Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұмабай.

«Алматы ауыр машинақұрылыс зауыты» АҚ-ның акцияларын алаяқтық жолмен қолға түсірген Эдгар Салдузиға қатысты бұрын қозғалған қылмыстық іске келетін боласақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 67 бабына сәйкес шығынның толықтай орнын толтырып, зардап шеккен тараппен мәмліге келуіне байланысты, іс тоқтатылған», - деді ресми өкіл.
Кәсіпкер бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кетті. Демалыс күні ол бұрынырақ белгіленген кездесуге бару үшін Алматының жоғары жағында орналасқан өз үйінен шыққан. Содан бері оның қазір қайда екендігі белгісіз.