Қаржы секторын тұрақтандыруға арналған 480 млрд. теңгенің 476 млрд. теңгесі жүйе құрушы банктерге орналастырылды ? Қ. Келімбетов

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында банк секторын тұрақтандыруға арналған 480 млрд. теңгенің 476 млрд. теңгесі бүгінгі күні жүйе құрушы банктерге орналастырылды.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, аталмыш шаралар «Қазкоммерцбанк» , «Халық банкі», «БТА банк», «Альянс банктің», сондай-ақ тұтастай алғанда еліміздегі барлық банк секторының мығымдылығына оң әсер етуі тиіс. Қ. Келімбетов «Самұрық Қазына» қаңтардың 30-ында «Қазкоммерцбанк» пен «Халық банкінің» әрқайсысының депозиттеріне 120 млрд. теңгеден орналастырғанын еске салды. «Бұл ретте қаржының бір бөлігі бірінші деңгейдегі капиталға конвертацияланады, ал басқасы экономиканың нақты секторындағы жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады», - деді ол.Қ. Келімбетов сондай-ақ ақпанның 2-сінде «Самұрық Қазына» қоры «БТА банктің» 75 пайыз қарапайым акциясын сатып алуға 212 млрд. теңге бағыттағанын айтты. Сол күні ағымдағы төлемпаздығын ұстап тұру және нақты сектордағы жобаларды қаржыландыру үшін «Альянс банктің» депозитіне 24 млрд. теңге орналастырылған. «Нәтижесінде бүгінгі күні банк секторын тұрақтандыруға арналған 480 млрд. теңгенің 476 млрд. теңгесі орналастырылды», - деді Қ. Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар