Қаржылық бұзушылықтар қай салада жиі кездеседі
Арман Бектұрованың айтуынша, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өткен жылы 1455 аудиторлық шара өткізген.
«Тексеру қорытындысына сәйкес, құрылыс және мемлеттік сатып алу саласы мемлекеттік аудит тұрғысынан ең осал салалар болып табылады», - деді Арман Бектұрова Орталық комманиукациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Департамент директоры атап өткендей, анықталған бұзушылықтардың 40 пайызы құрылыс саласына тиесілі болып отыр.
«Есеп комитетінің тексерулері туралы айтар болсақ, көп жағдайда бухгалтерлік есепті енгізу ережелері сақталмай жатады. Әлбетте, объективті және субъективті себептер баршылық», - дейді ол.
Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласында ауқымды реформаларды жүзеге асырып жатыр. Сонымен бірге, Арман Бектұрованың айтуына қарағанда, 2019 жылы ақпараттық ресурстар интеграцияланатын болады.
«Осы жұмыстардың арқасында келесі жылдан бастап жалпы салалардағы қаржылық бұзушылықтардың деңгейі өзгеріске ұшырап, бұзушылықтардың саны қысқаратыны анық», - дейді ол.