18:41, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қаржылық дағдарыс студенттерді қыспаққа алмас үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалатын болады
ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қаржылық дағдарыс студенттерді қыспаққа алмас үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалатын болады. Бұл туралы БҚО әкімдігінде өткен жиында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен ЖОО мен колледж басшыларын оқу ақысын төлей алмай жүрген студенттерді оқудан шығару туралы асығыс шешім қабылдамауға шақырды. Ресми мәліметке сәйкес оқу орнына берешек ретінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ? 60, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да ? 15, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде 19 студент тіркелген. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев «студенттер көптеп оқудан шығарылуда» деген сөздің негізсіз екенін айтты.
Жиында сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамту, қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік беру мәселелері де әңгіме болды.