Қаржылық есепті бұрыс бергені үшін балалар үйінің есепшісіне айыппұл салынды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұздық «Үміт» балалар үйінің есепшісі қаржылық есепті бұрыс бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Павлодар облыстық прокуратурасы.
None
None

Бюджеттік қаржыларды пайдалануды тексеру кезінде оның ҚР заңдылығында қарастырылған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы міндеттерді өрескел бұзғаны анықталды. Бухгалтерлік баланс бойынша берілген мәліметтерде үстіміздегі жылдың басындағы кезеңде аталмыш мекемеде дебиторлық және несиелік қарыздар жоқ деп жазылған екен. Ал шынтуайтына келгенде, балалар үйінің дебиторлық қарызы - 582 мың теңге, ал несиелік қарызы 132 мың теңге көлемінде. Бухгалтерлік есептілік туралы заңдылық бұзылып, қаржылық есептілік бұрмаланып беріліп отыр.

«Үміт» балалар үйінің бас есепшісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Қаржылық бақылау инспекциясы бастығының қаулысымен ол айыпты деп танылып, оған 141 мың теңге көлемінде айып салынды.

Соңғы жаңалықтар