Қаржылық пирамидаларға тән белгілерді ажырату қиын емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстанда қаржы пирамидаларын құру бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады.
None
None

«2016 жылы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеулер қызметінің өндірісінде ҚР ҚК 217 бабы бойынша (қаржылық пирамиданы құру мен оған басшылық ету )15 қылмыстық іс болды, қазіргі кезде оның ішінде үш қылмыстық іс аясына тергеу аяқталып, айыптау актісімен сотқа жіберілді. Ал 12 қылмыстық іс тұрғысында сотқа дейінгі өндіріс жалғасуда»,-деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

Комитеттің хабарлауынша, барлық «қаржы пирамидаларына» тән ортақ белгілер бар көрінеді. Осы орайда олар жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кірістілігі болатындығына уәде береді, сонымен қатар таныс адамдар арқылы жарнама жасау, түрлі тренингтерді жүргізу секілді қадамдар байқалады. Бұдан бөлек, ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпарат болмайды, ақшалай төлемдер жаңа қатысушыларды тарту есебінен іске асырылады, сондай-ақ қандай да бір өндірістердің немесе негізгі жеке қаржысының болмауы анық көрінеді. Жаңадан келген адамдарға ұйымда мансаптың сатыда жылдам көтерілу туралы уәделер беріледі.

Соңғы жаңалықтар