Қаржылық пирамиданы жарнамалағандар жазаға тартылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қаржы пирамидасына қатысты 9 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттен хабарлады.

Комитет мәліметіне қарағанда, 2015-2017 жылдар аралығында қаржы пирамидасы саласында тіркелген құқықбұзушылық көбіне 2016 жылы болған.

Атап айтқанда, қаржылық пирамида құру мен оған басшылық ету бойынша сотқа дейін тергеудің бірыңғай тізімінде 2015 жылы 6 факті тіркеліп, екі адам жауапкершілікке тартылды. Ал 2016 жылы 237 құқықбұзушылық анықталып, зардап шеккен 221 адам тіркелді. Осы орайда келтірілген залалдың сомасы 17 234 500 634 теңгеге жетті. Бұл заңсыздыққа қатысты 5 адам жазаланды.

Сонымен қатар 2017 жылы 74 факті орын алып, 18 адам қаржы пирамидасының құрбаны деп танылды. Оларға 7 155 881 687 теңге мөлшерінде зиян келтірілді. Өткен жылы бұл әрекеттерге байланысты жауапқа тартылғандар саны 9 жетті.

«Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау үшін әкімшілік жауапкершілік 2014 жылдан бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-3 бабына енгізілген болатын (2015 жылдан бастап Кодекстің 150-бабына ауыстырылды). 2017 жылы осы құқықбұзушылыққа жол берген 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 340 350 теңге әкімшілік айыппұл салынды», - деп атап өтілген Комитет мәліметінде.

Фото: zonazaimov.ru

Соңғы жаңалықтар
telegram