KASE: апта басында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

доллар
Фото: pixabay.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,37 теңгеге қымбаттап, 524,14 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 522,19 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 524,03 теңгеден сатып алынады, 525,86 теңгеден сатылады. Еуро 606,77-610,75 теңге, ал рубль 6,39-6,50 теңге аралығында саудаланады.

Ал юань 74,32 теңгеден сатып алынады, 76,85 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 522,50 теңгеден сатып алынады, 529,48 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 604,64 теңге, сату - 614,64 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,37 теңге, сату - 6,52 теңге.
- юань: сатып алу - 75,08 теңге, сату - 79,01 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк басшысы инфляция бойынша болжам айтты.

Соңғы жаңалықтар