16:53, 01 Қыркүйек 2023 | GMT +5
KASE-де доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар 3 теңгеге төмендеп, 459,39 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 қыркүйектегі ресми құны – 1 доллар үшін 459,69 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 457,5 теңге, сатып алу – 461 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 456 теңгеден болса, сатып алу – 461 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,71 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,67 – 4,77 теңгеден ұсынылуда.