KASE: доллар 3,6 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,68 теңгеге арзандап, 497,56 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 501,75 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 497,29 теңгеден сатып алынады, 499,49 теңгеден сатылады. Еуро 587,28 — 592,91 теңге, ал рубль 6,37 — 6,49 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,88 теңгеден сатып алынады, 74,98 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 495,00 теңгеден сатып алынады, 502,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 583,00 теңге, сату — 593,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,25 теңге, сату — 6,55 теңге.
— юань: сатып алу — 71,91 теңге, сату — 75,89 теңге.
Еске салайық, 26 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,27 теңгеге қымбаттап, 501,75 теңге болды.