Доллар 5 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

 KASE : Доллар 5 теңгеге арзандады
Фото: pexels.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,73 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 490 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 488 теңге. Еуро 529 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 493 теңге, сатып алу құны — 487 теңге. Еуро 534 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,50 - 5,66 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 494,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 537,40.

Осыған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар