KASE: доллар бағам 470 теңгеге болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

KASE: доллар бағам 470 теңгеге болды
Коллаж: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,96 теңгеге арзандап, 470,46 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 472,31 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 539,00 теңге, сату– 549,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 5,84 теңге, сату – 6,15 теңге.

– юань: сатып алу – 68,37 теңге, сату – 73,97 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 468,72 теңгеден сатып алынады, 471,27 теңгеден сатылады. Еуро 541,54 – 546,01 теңге, ал рубль 5,86 – 5,98 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,53 теңгеден сатып алынады, 70,52 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 2 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,76 теңгеге арзандап, 472,31 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар