KASE: доллар бағамы 490 теңге болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Бугун Қозоғистонда доллар қанча тенгедан сотилади
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге арзандап, 490,58 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 491,88 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 490,71 теңгеден сатып алынады, 493,20 теңгеден сатылады. Еуро 583,72 – 588,50 теңге, ал рубль 6,33 – 6,45 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,31 теңгеден сатып алынады, 74,25 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 489,00 теңгеден сатып алынады, 496,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 582,00 теңге, сату - 592,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,25 теңге, сату - 6,55 теңге.

- юань: сатып алу - 72,07 теңге, сату - 76,48 теңге.

Еске салайық, 10 ақпан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге арзандап, 491,88 теңге болды.

 

Соңғы жаңалықтар