KASE: доллар бағамы сәл арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

обменник
Фото: Татьяна Корякина/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге арзандап, 524,65 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 525,28 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 525,36 теңгеден сатып алынады, 526,88 теңгеден сатылады. Еуро 606,93 – 610,96 теңге, ал рубль 6,40 – 6,51 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 74,10 теңгеден сатып алынады, 76,63 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 523,59 теңгеден сатып алынады, 530,59 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 604,35 теңге, сату - 614,34 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,42 теңге, сату - 6,57 теңге.

- юань: сатып алу - 74,95 теңге, сату - 79,01 теңге.

Еске салайық, 11 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,69 теңгеге қымбаттап, 525,28 теңге болды.

https://kaz.inform.kz/news/kor-birzhasinda-dollar-bagami-koterld-66f3ca/

Соңғы жаңалықтар