KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге қымбаттап, 542,03 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 541,45 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,89 теңгеден сатып алынады, 545,07 теңгеден сатылады. Еуро 629,13 –632,42 теңге, ал рубль 6,57 — 6,70 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 540,42 теңгеден сатып алынады, 547,42 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 625,38 теңге, сату — 635,38 теңге;
— рубль: сатып алу 6,55 теңге, сату — 6,70 теңге.
Еске салайық, 28 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,5 теңгеге арзандап, 541,45 теңге болды.