12:13, 20 Қыркүйек 2017 | GMT +5
KASE: Доллар бағамы баяу өсіп келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күнгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 1 долларға 341,81 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KASE-ке сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, доллар бағамы 1,05 теңгеге артты. Сессия барысында төменгі көрсеткіште 1 доллардың бағамы 341,12 теңге, ал, жоғарғы - 342,14 теңге. Сауда-саттық көлемі 87,75 млн долларды құрайды. Сейсенбі күні KASE-тегі сауда-саттықтың таңертеңгі сессиясының нәтижесі бойынша 1 доллар 340,76 теңгені, күндізгі сессияда - 340,95 теңгені құрады.