11:31, 17 Қазан 2018 | GMT +6
KASE: доллар бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) есебімен 363,6 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 4,03 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 362,5 теңге, ал ең жоғарғысы 366,2 теңге болған. Сауда көлемі 71,5 млн долларды құрады.
Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 367,63 теңгені, күндізгі сессияда 366,29 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 366,86 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 96,15 млн доллар болды.
Еске сала кетейік, сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 3,06 теңге - 370,69 теңгеден 367,63 теңгеге дейін төмендеген.