11:16, 13 Қазан 2021 | GMT +6
KASE: Доллар бағасы екінші күн қатарынан өсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 қазан кешімен салыстырғанда 0,94 өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 426, 17 теңге болды.
Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 425,22 теңге.Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,96 теңгеден сатылса, сатып алу – 427,47 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,92 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427,11 теңге.
Кешегі мәлімет бойынша Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті.