KASE: Доллар қайта қымбаттап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қайта қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,52 теңгеге қымбаттап, 543,42 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 540,78 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 542,69 теңгеден сатып алынады, 545,04 теңгеден сатылады. Еуро 619 – 624 теңге, ал рубль 6,59 – 6,72 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 540,94 теңгеден сатып алынады, 547,94 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 617,50 теңге, сату - 627,50 теңге;
- рубль: сатып алу 6,64 теңге, сату - 6,80 теңге.
Еске салайық, 31 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,42 теңгеге арзандап, 540,78 теңге болды.