KASE: доллар тағы 4 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

обменник
Фото: Татьяна Корякина/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге арзандап, 503,89 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 508,2 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 504,74 теңгеден сатып алынады, 507,04 теңгеден сатылады. Еуро 586,82 – 592,48 теңге, ал рубль 6,43 – 6,55 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,43 теңгеден сатып алынады, 75,07 теңгеден сатылады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 502,51 теңгеден сатып алынады, 509,51 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 584,42 теңге, сату - 594,42 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,43 теңге, сату - 6,53 теңге.
- юань: сатып алу - 72,81 теңге, сату - 77,22 теңге.

Еске салайық, 2 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,8 теңгеге арзандап, 508,20 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар