KASE индексі 33,2 пайызға өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша 2024 жылы KASE индексінің мәні 5 578,10 тармаққа дейін өсіп, 33,2 пайыз болды. Бұл туралы Алина Алдамберген айтты.

– Қор нарығын капиталдандыру бір жылда 6,1 трлн теңгеге немесе 23 пайызға ұлғайып, 32,9 трлн теңгеге (62,8 млрд АҚШ доллары) жетті, - деді KASE басшысы Алина Алдамберген.
5 желтоқсанда Қазақстанның қор нарығын білдіретін индикатор 5 624,38 көрсеткішіне жетіп, жаңа тарихи рекорд орнатты.
– Былтыр KASE индексі негізінен тұрақты өсіп отырды. Желтоқсан айында максимумға жеткеннен кейін индикатор 5 488,77 тармаққа дейін төмендеп, 2024 жылдың соңғы сауда күндерінде қайта көтерілді, - деп хабарлады Қор биражасынан.
KASE индексі акцияларының өсуінің негізгі факторлары – қаржылық есептерді жариялау және дивидендтерді төлеу. Индекстік акциялар бойынша сауданың жалпы көлемі жыл соңында 148,7 млрд теңге болды.
Осыған дейін Қазақстанның қос қор биржасы – Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Астана халықаралық биржасының (AIX) құрылымы мен қызметі өзгеріссіз қалағаны туралы жазған болатынбыз.